$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Ұлттық қор ақшасын бақылауға арналған тағы бір Президент Жарлығының жобасы жарияланды

AstanaTV
13.03.2025ж. 13:58
69
Ұлттық қор ақшасын бақылауға арналған тағы бір Президент Жарлығының жобасы жарияланды
Коллаж: Kazinform; Freepik

Жоғары аудиторлық палата Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізетін комиссияның жұмысын жандандыруды көздейтін Президент Жарлығының жобасын көпшілік талқылауына шығарды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Айта кету керек, бұл комиссия елімізде 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ ол кезде Ұлттық банкке бағынышты консультативтік-кеңесші орган болған. 2020 жылдан бастап қазіргі Жоғары аудиторлық палатаға берілген. Ал биылғы 21 ақпанда осы комиссияның отырысы жаңа құраммен, жаңартылған форматта (бұған дейін комиссия қашықтан жұмыс істеп келген) өтті.

Бұдан былай да комиссияның отырыстары оффлайн форматта өтеді деп жоспарланған.

Құрамы мен жұмыс форматы жаңартылған комиссияның негізгі міндеттері мыналар:

Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеріс жүргізу;

Ұлттық қор қаражатын неғұрлым басым бағыттарға қайта бөлу немесе оларды қайтару туралы ұсыныстар беру.

Комиссияның жаңартылған құрамы мынандай:

Комиссия төрағасы — Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы.

Комиссия мүшелері: 

Қаржы министрі, 

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі,

ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (байқаушы ретінде),

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары,

Бас Прокурорының орынбасары,

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары,

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары,

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары,

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (байқаушы ретінде)

Парламент Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (байқаушы ретінде)

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы,

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы,

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4-қызметі 4-департаментінің бастығы,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры,

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ төрағасының орынбасары.


 https://kaz.inform.kz/news/ulttik-kor-akshasin-bakilauga-arnalgan-tagi-br-prezident-zharliginin-zhobasi-zhariyalandi-aede2a/