2025 жылғы 13 наурыз сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Astana TV.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан ауылы).
Қостанай облысы:
- "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.Ауа-райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді.