$489.15 €533.47 ₽5.64
×

«Тұрсын Баянның соры болды деді»: Дана Нұржігіт Баян Алагөзова туралы қандай пікірде

AstanaTV
13.03.2025ж. 17:38
93
«Тұрсын Баянның соры болды деді»: Дана Нұржігіт Баян Алагөзова туралы қандай пікірде
Фото: https://www.instagram.com/dana_nurzhigit/

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт Баян Алагөзованың Астанада өткен «Queen» шоуына қатысып, продюсердің өмір жолы мен қайсарлығына жоғары баға берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ол бақытты екенін де, бақытсыз екенін де ашық айтады. Жағдайға мойынсұнып, тыныш өмір сүруге де болар еді. Бірақ Баян – күрескер! Ол өзінің жолын, өз үнін, өз қағидасын таңдайды» – деп жазды тележүргізуші.

Журналист Баян мен оның күйеуі Тұрсын Алагөзов туралы да пікір білдірді.

«Алғашында оны «Баянның соры болды» деді, бірақ ол оның бағы болып шықты. Олар өз махаббаты үшін күресті, қалауын жұлып алды. Қанша қарғыс айтылса да, өз жолын тапты»

«Queen» шоуы туралы Дана Нұржігіт ерекше атап өтті.

«Қазақстанда ешбір актрисаға мұндай қойылым арналмаған. Мюзикл жанры бізде дамымаған, бірақ Баян тәуекелге барды, арманына жетті. Ол – тәжін киген патшайым», - деді ол.