$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шымкентте зейнеткерді үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

Шымкентте зейнеткерді  үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

Шымкентте зейнеткерді  үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. 77 жастағы ер адамның мәйіті  қаладағы көпқабатты үйлердің ауласынан табылды. Алдын ала  ақпаратқа сүйенсек, марқұм  екі танысымен ішімдік ішкен көрінеді. Алайда әдемі отырыстың соңы жанжалға ұласқан. Соңынан оны ұрып, жоғарыдан лақтырып жіберіпті. Биіктіктен құлаған қария сол жерде жан тапсырды. Күдікке іліккен екеудің бірі 66 жастағы ер адам. Екіншісі үй-күйсіз жан екені айтылуда. Бұған қатысты полиция іс қозғады.