$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Түркістанда пицца, суши, чикен тағамдарын тапсырыспен алып жеген 57 адам ұшынып қалды

Түркістанда пицца,  суши, чикен  тағамдарын тапсырыспен алып жеген  57 адам ұшынып қалды

Түркістанда  пицца,  сушиден 57 адам ұшынып қалды. Олар облыс орталығындағы  «Ямми Маки» дәмханасынан дайын асты үйге алғызып жеген. Арада көп уақыт өтпей  жағдайлары күрт нашарлап, барлығы орталық ауруханаға жеткізілген. Үшеуі  жансақтау бөліміне, қалғаны жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Астан ұшынғандардың арасында 28 бала бар. Тағы біреуі- аяғы ауыр келіншек.  Қалалық  полиция басқармасы   дәмхананың есігін мөрлеп, жауып тастады. Адамдардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.Санэпидемиологтардың дерегінше, дәмханада істеген қызметкерлердің кейбірінің медициналық кітапшасы болмаған, ал кейбірінің мерзімі өткені анықталды.

МУТАБАР ШЕРМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бүгінгі таңға 22 науқас «токсикалық тағамды инфекция» диагнозымен емделіп жатыр. Оларға болжамды жағдай қойылған. Олардың бәрінің жағдайлары қазіргі уақытқа қалыпты. 22 науқастың барлығы инфекциялық стационардың оқшауланған палаталарында ем алып жатыр.