$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Ақтөбеге Қызылорда және Маңғыстау облысынан көмек келеді

13.03.2025ж. 20:00
106
Ақтөбеге Қызылорда және Маңғыстау облысынан көмек келеді

Ақтөбе облысы да су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан  төтеншеліктер арнайы кезекшілік ұйымдастырып, күндіз -түні суға кету қаупі бар аймақтарды бақылауға алған. Облыс аумағында 3600-ден  астам адам, мыңға жуық техника мен 440 мотопомпа құрал жабдығы, инерттік материалдар дайындалған. Су тасқынының алдын алуға арналған арнайы штаб  жұмыс істеп тұр. Арнайы қызметтер кезекшілікпен күшейтілген жұмысқа көшкен. Тұрғындар  көшелері мен үй маңында су басқан жағдайда 109 және 112 телефондарына хабарласуына болады. Сонымен қатар, көршілес Қызылорда және Маңғыстау облысынан 75-ге жуық адам, 11 техника көмекке тартылмақ.

АЙБАТ ЖАНАБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алты ауданға алдын ала күш-құралдарымызды жіберіп отырмыз. Олар атап айтсақ, Қобда, Хромтау бүгінгі 13 наурыздан бастап Ойыл, Ырғыз, Темір аудандарына департамент қызметкерлері жіберілетін болады. Ол жерде біздің қызметкерлер барып,  күндіз -түні алдын ала тиісті жұмыстарды атқара береді.