$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Ұлттық ұлан сарбаздары көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті

13.03.2025ж. 20:00
107
Ұлттық ұлан сарбаздары көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті

Ұлттық ұлан сарбаздары көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. Қазір олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тасқынға қарсы тосқауылдар тұрғызып, өзен жағалауларын нығайтуда. Сонымен қатар арықтар, көпірлер мен суағарларды тазартып жатыр. Бұл үшін арнайы техника да  жұмылдырылды. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен үй-жайларды қорғау үшін инертті материалмен 5 мыңнан астам қап толтырылған. Ал, Орал қаласында еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету мақсатында күніне 100 әскери қызметші жұмыс істеуде.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Целиноград ауданының Талапкер ауылында су басудың алдын алу мақсатында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің  әскери қызметшілері жұмылдырылды. Олар жағалауды бекіту үшін 1300-ден астам инертті материал салынған қаптарды дайындады. Ұлттық ұлан Академиясынан күн сайын Тепличное, Прибрежное және Бескөл елдімекендерінде алдын алу шараларына қатысу үшін 60 курсант жіберіледі. Қазіргі уақытта Академия курсанттары 4000-нан астам инертті материал салынған қап дайындап, арнайы бөлінген учаскелерге орналастырды.