$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Астанада қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылады

13.03.2025ж. 20:00
121
Астанада  қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылады

Астанада  қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылады. Оны Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы PresightAI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхам Президент қабылдауында айтты. Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға қолдау білдірді.Сондай-ақ, тараптар елорда әкімдігімен бірлесе атқарылатын Smart City жобасын  талқылады. Компания төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға ниетті екенін білдірді.  Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформациясына және технологиялық өрлеуіне септігін тигізетін негізгі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екенін айтты.