$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Қазақстан мен Өзбекстанның сауда байланысын нығайтатын заң мақұлданды

13.03.2025ж. 20:00
107
Қазақстан мен Өзбекстанның сауда байланысын нығайтатын заң мақұлданды

Сенатта Қазақстан мен Өзбекстанның сауда байланысын нығайтатын заң мақұлданды. Құжат екі ел арасындағы өнеркәсіп саласы бойынша жаңа кооперация орталығының құқықтық негізін айқындайды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң аясында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының мәртебесі, оның қызмет түрлері мен құзыреті белгіленген. Жаңа құжат екі мемлекеттің іскерлік байланысын арттырып, сауда-экономикалық қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.

ӘЛІШЕР САТВАЛДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Аталған келісімді жасасу – Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жиырмасыншы отырысының шешімін іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы өңірдегі ең ірі жүк ағындарын біріктіру, өңдеу және тарату, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі аясында өндірістік кооперацияны дамыту орталығы ретінде қызмет атқаратын болады.