$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапарымен барды

13.03.2025ж. 20:00
156
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Онда Президенттің өңірде ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді. Сонымен қатар бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралап шықты. Сондай-ақ әлемдегі алғашқы токамак "Байкал-1" ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Сосын Ұлттық ядролық орталықта барып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Премьер-министр салалық ведомство басшыларына бірқатар тапсырма берді.

ЕРБОЛАТ ҚОЯНБАЕВ, ҚР ҰЯО АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл салада біз көптеген мемлекеттермен жұмыс істейміз. Қайткенменде адам ертең энергетикасыз өмір сүре алмайды. Қазіргі кезде электр құралдарының санын қарасаңыз қанша электр энергиямыз керек болады. Жылдан жылға көбеймесе азаймайтын тренд. Сондықтан энергетика бәрібір болу керек.


ЕРЖАН ҚАШЫҚБАЕВ, ҚР ҰЯО АТОМ ЭНЕРГИЯ ИНСТИТУТЫ ТОКОМАК ФИЛИАЛЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ФИЗИКА ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

ТОКАМАК дегеніміз ол магниттік катушкалары бар тредалдық камера. Қазіргі кезде әлемдік электр энергетика жетпеу тапшылықтары болып жатыр. 50 жылдардан бері ғалымдар трмаялық синтзға көңіл бөліп бастады. Біздің ТОКАМАК мақсаты болашақ трмаялық реактрлардың бірінші қабырғасының материалдарын жоғары температурада зерттеу.