$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Қостанайда тұрғындар тілегі орындалып, жол белгісі қойылатын болды

AstanaTV
13.03.2025ж. 20:00
76
Қостанайда тұрғындар тілегі орындалып, жол белгісі қойылатын болды

Қостанайлық тұрғындар  «AMANAT» партиясына жүгініп,жаяу жүргіншілер белгісін орнатуды мәселесін көтерді. Тұрғындар түйткілі шешілді. Былтыр қараша айында қаладағы Темірбаев көшесінің осы тұстағы  жаяу жүргіншілер белгісі алынып тасталған көрінеді.Көпшіліктің айтуынша жол белгісі  елу жылдан астам тұрған.Енді тұрғындар үйреншікті жерден өтуді тоқтатар емес.Сөйтіп басын қатерге тігіп жүр, дейді топ белсенділері. Бұл маңайда мектеп, балабақша бар.Балалар бағдаршамға жету үшін темір жол вокзалы алдындағы алаңды айналып өтуі тиіс.Сондықтан тұрғындар жол белгісін жақынырақ орнатуды сұрап отыр.  

ЕКАТЕРИНА НАУМЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

350 адамның қолын жинап, «AMANAT»  партиясына жүгіндік.Бұған дейін екі айға жуық талай мекеме табалдырығын тоздырып ек. Партиядан кейін дереу қала әкімі келді.Бағдаршамға баруға жол ашып, белгі қоятын болды. «AMANAT» партиясына алғысымыз шексіз.