Астанада «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы өтті. Еріктілер «Шабыт» балабақшасының аумағын қардан тазартты. Омбы қар бүлдіршіндер мен ересектердің жүріп-тұруына, таза ауада серуендеуіне кедергі келтірген. Жастар тазалық жұмыстарын бірнеше сағатта тындырды. Ұйымдастырушылар сұраныс бойынша әлеуметтік нысандардың, жалғызбасты немесе қарт адамдардың ауласын қалың қардан тазартып, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен оны қала сыртына шығарамыз» – дейді.
ГҮЛМИРА АҚТАЙЛАҚОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бүгін ауа райы тамаша. Күн шығып тұр. Таза ауада жұмыс жасаған өте жақсы деп ойлаймын. Барлық жастарға бұл үлгі ретінде соның ішінде оқушы балалар да өз мектеп қабырғасында, мектеп ауласын тазартып жүрсе жалпы жастар барлығы осы қаламыздың тазаруына гүлденуіне өз үлесін қосса. Ол біздің болашағымыз, біз жастарға сенеміз. Жастардың қолында Қазақстан.
Алматылық еріктілер де акция аясында Сейфуллин саябағын қоқыстан арылтты. Қураған жапырақтар мен пластик бөтелкелерді жинап тұрғындарға қолайлы жағдай жасады. Тазалық жұмыстарына 50-ден астам партия мүшелері мен жастар атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындарды тазалыққа шақырып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
СЕРІКБОЛСЫН САРЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мұндай акциялардың мақсаты- әр азаматты, әр тұрғынды тазалыққа шақыру, үндеу және де қоршаған ортаны табиғатымызды ауданымызды таза ұстауға шақыру. Жалпы тазалық мәдениетін экологиялық мәдениетті қалыптастыру.