Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғындар «Наурыз тал» егуді бастады. Бұл табиғатқа қамқорлық көрсету, жаңару мен көктемнің белгісі дейді ұйымдастырушылар. Шарада кенттің жастары ерекше белсенділік танытты. Үлкендер оларға бағыт беріп, талдарды күтіп-баптаудың қыр-сырымен бөлісті. «Көктемгі көшет» шарасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жыл басынан бері оған 24 мыңнана аса ерікті атсалысқан.
НҰРБЕК АҚПАНБЕТОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл көшет отырғызу акциясына Қазалы ауданының барлық тұрғындары, оның ішінде жастар белсенді атсалысып жатыр. Өздеріңіз білесіздер қазір Қазалы ауданы көркейтіп көгалдандыру саласы бойынша алдыңғы қатарда. Экологиялық акция аясында осы тал егу акциясынан бастап, барлық тазалық жұмыстары ауданымыздың көлемінде барлық жерінде қалада, кентте, ауылдық округтердің барлығында жүзеге асырылатын болады.