$519.51 €611.83 ₽6.6
×

«Ұлттық Құрылтайда айтылған мәселелер нақты шешімін тауып жатыр», - Ж. Сүлейменова

14.03.2025ж. 20:00
218
«Ұлттық Құрылтайда айтылған мәселелер нақты шешімін тауып жатыр», - Ж. Сүлейменова

Ұлттық Құрылтайда айтылған мәселелер нақты шешімін тауып жатыр. Депутат Жұлдыз Сүлейменова осылай деді. Мәжілісменнің сөзінше, Ұлттық құрылтайдың бір ерекшелігі – онда әлеуметтік-экономикалық бағыттан бөлек, идеологиялық әрі тәрбиелік маңызы жоғары тақырыптар талқыланады.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлттық Құрылтайдағы қабылданатын шешімдер, айтылатын мәселелер өзінің сүбелілігімен, өзінің маңыздылғымен бүгінгі таңда халыққа жақын екені уақыт өте дәлелденіп келеді. Бұл жалпы халық пен билік арасындағы диалогтың платформасы бола білді. Бұл жерде айтылған мәселелер уақыт өте келе заңнамалық үкімет қаулылары есебінде шешімдер нақты қабылданып жатыр.


ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Әрбір Құрылтайдың өзінің жөні бар, тарихи орны бар. Кешегі сессиядағы жұмыстардың бәрі осыны көрсетті. Құрылтай мүшелері халықтың өкілі ретінде өз саласының немесе қызмет етіп жатқан бағытының жинақталған, қордаланған мәселелерін алып келіп, соның шешімін көрсететіндей ойларды ортаға салып жатыр.


Бұған дейін Құрылтайда көтерілген мәселелер аясында 10 заң жобасына бастамашылық жасалды. Оның ішінде тоғыз құжат қабылданған. Алдағы жылы Құрылтай отырысы Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент биылғы жылы Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл толуын Құрылтайда тиек етіп, келер жылы Сыр өңірінде Ұлттық Құрылтайдың отырысын өткізетінін атап өтті. Бұл Сыр өңірі үшін, Сыр халқы үшін Президентімізден бізге үлкен қолдауы әрі сенімі деп білеміз.


ГҮЛНАФИС ТАНБАЕВА, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Былтыр Атырау өңірінде өткен үшінші Құрылтай ұлттық отырысында да Президент жастар мен бала денсаулығына аса мән берген болатын. Насыбайдың ашық түрде сатылуы, мұның барлығында заң шеңберінде қабылданып және оны пайдаланған емес, осыны сату деңгейіне көтерген, осындай ұйымшылдықпен айналысатын қылмыстық топтарды жауапкершілікке тарту және заң қабылдау жөнінде ұсыныс берген болатын.