$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Ақтөбеде көрісу мерекесіне орай 100 ене мен 100 келін шеруі өтті

14.03.2025ж. 20:00
128
Ақтөбеде көрісу мерекесіне орай 100 ене мен 100 келін шеруі өтті

Ақтөбеде де жылдан жылға аман жеткеніне қуанған халық,ағайын туысын құттықтап, кішілер үлкендеріне көрісіп барып, мереке кеңінен тойлануда.  Кимешек киген жүз ене мен жүз келіннің шеруі өтті.

Ұлттық киім киген енелер мен келіндердің шеруін  Есет батыр тұрғын үй алабында  бүркіт ұстаған батырлар бастап жүрді. Аруана мінген кимешекті ана көшті бастап келеді. Әжелер ән айтып, домбыра тартып көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ жер-жерде түрлі ұлттық спорттық жарыстар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі қыза түсті. Жиналған  жұрт наурыз көжеден дәм татып, жылы лебіздерін жеткізді.

МАЙРА ҚҰРАШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүкіл Қазақ еліне бүгінгі келген амал мерекесі құтты болсын. Бұл күнді көрісу күні дейді екен. Бұл күнде адамдар бір-бірімен жақс жүзбен дидарлы көңілмен кездесіп, бір-біріннің қателегі болса кешіріп, мерекелік көңіл күйде болып, осылай, амал мерекесінен амал мерекесіне аман –сау жете берейік. Жылымыз құтты болсын!