$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Жалдамалы пәтерде тұрған 80 адам үйлі болды

AstanaTV
14.03.2025ж. 20:00
141
Жалдамалы пәтерде тұрған 80 адам үйлі болды

Жалдамалы пәтерде тұрған жұмысшы жастар бірінен соң бірі үйлі болып жатыр. Ратбек Нұрмаханов отбасымен бірге 5 жылдан бері арзан бағадағы пәтерді жалдап, бүгін көптен армандаған баспанасына қол жеткізді. Бастапқы жарнаға там-тұмдап ақша жинап, Отбасы банкі ұсынған ипотекалық бағдарлама арқылы бас қаладан үй алды.

РАТБЕК НҰРМАХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бастапқы жарна 10 пайыз салдық, 2 миллион, 20 миллионның үйін алып жатырмыз қазір. Бүгін процесс жүріп жатыр, мерекеден кейін Алла жазса кіреміз Наурызда. Қазақша, мұсылмандық жаңа жылда жаңа үйге, өз отбасымызға, өз үйімізге кіреміз шаңырағымызға. Үйдің арендасы коммунальная услугадан, коммуналдық қызметтерден аз шығып отырды, 6 мың, 7 мың, бізде 1 бөлме болды. Күшті көмек болды, бүкіл қарыздардан құтылдық деп айтуға болады.


Енді сатып алу құқығынсыз жалдамалы үйде тұрған жастар Отбасы банкінің бағдарламаларына қатысады. Яғни "Елорда жастары" арқылы 10 пайыздық жарнамен 20 млн теңгеге дейінгі 1-ші және 2-ші нарықтағы үйлерді ала алады. Несие 5 пайызбен 19 жылға дейін беріледі. Оған қоса соңғы 5 жылда аттарында үй болмаған жағдайда "Наурыз" және "Наурыз жұмыскер" бағдарламаларына да қатыса алады.

ДАРИЯ БАТЕНОВА, "ОТБАСЫ БАНК" АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы жалға берілген үйде тұрып тұрған 778 азамат болатын, сол 778 азаматтың бүгінгі таңда 300-ден астамы өзінің кірісін дәлелдеп, бүгінгі күнде үй іздеу барысында. Одан осының ішінде бүгінгі таңда 80 адам үйлі болып, өздерінің қоныс тойын тойлауда.