$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Белсенді жастар Көрісу күнінде жалғызбасты қарттарды құттықтап, үй шаруасына көмектесті

14.03.2025ж. 20:00
131
Белсенді жастар Көрісу күнінде жалғызбасты қарттарды құттықтап, үй шаруасына көмектесті

Белсенді жастар жалғыз басты қарттарды мерекемен құттықтап, үй шаруасына көмектесті. Игі бастамаға "Жастар рухы" Жастар Қанаты ұйытқы болды.

Амал мерекесінде елордалық еріктілер қарттарға қолқабыс етті. Алдымен наурызнаманың алғашқы күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Содан кейін ауласын тазартып, көмек көрсетті.
 
ТҰРАБЕК АЛХАНОВ, ВОЛОНТЕР:

Біздер Жастар рухы жастар қанаты Астана қаласы бойынша қыс кезінде осы "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты отбасы" сияқты партиялық жобалар аясында осы көмекке мұқтаж жандарға, жалғыз басты кісілерге, қарт кісілерге осы үйлерің қардан тазарту секілді, үйің тазалап беру секілді жанағы азық-түлікпен қамтамасыз етіп беру сияқты көмектерімен көмек көрсетіп келеміз.      


Мерекеге шымкенттік жастар да ерекше атсалысуда. Олар 94 жастағы тыл ардагерінің үйіне барды, ауласын тазартты. Өскемен қаласында туып-өскен кейуана ұзақ жылдар бойы шаруашылықта жұмыс істеп, елге қызмет еткен. Ал, жастар осындай жалғыз басты қарттардың үйіне көмекке жиі келіп тұрамыз дейді.  

БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мақсатымыз жастарды мейлінше қайырымдылыққа, мейірбан болуға шақыру. Біз көбінесе биыл 1 курсқа келіп жатқан жастарды көбінесе осындай шараларға тартамыз. Өйткені оларда өздерінен кейінгі келетін жастарға насихаттап жүрсе екен, үйретіп жүрсе екен, көрсетіп жүрсе екен деген мақсатта. Жалпы осы партиямыздың «ардагерлерді ардақтайық» жобасы да осы ұстанымдарға, осы бағытқа негізделген.


Тараздық белсенділерде тыл ардагерінің үйіне барып, сый құрмет көрсетті. Қария еңбекпен есейгенін айтып, ақыл-кеңесін берді. Жастар ауланы қоқыстан тазартып, ақ батасын алды.

МЕРЕЙ ЖОЛДАСБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Биыл ұлы отын соғысына 80 жыл толуына орай тыл ардагерінің үйне келіп жағыдайын сұрасып, хәлін біліп, үйіне қолғабыс қылуға келіп отырмыз. Өзімізбен бірге кішігірім кәде сиямызды да алып келдік. Енді біз үнемі "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында қарт ата-апаларға әрқашанда көрсетіп тұрамыз.


Айта кетейік, "AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.