$505.15 €550.31 ₽5.89
×

"Таза бейсенбі" экологиялық шарасы жалғасуда

AstanaTV
14.03.2025ж. 20:00
139
"Таза бейсенбі" экологиялық шарасы жалғасуда

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Бұл жолы акция Абай ауданына қарасты Асар мөлтек ауданындағы көшелер мен аллеяда өтті. "AMANAT" партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған шараға 50-ге жуық адам қатысып, қыс бойы жол жиегінде қалған қоқыстарды жинады. 1 жыл уақыт ішінде экошараға 4 мыңға жуық Шымкент қаласының тұрғыны атсалысып, 45 тонна қоқыс шығарылған.

МАҚСАТ ЖОЛДАСБЕКОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Наурыз мейрамы да кеп қалды. Енді халықтың бәрі жаппай далаға шығатын уақыт. Осы біздің істеп жатқан жұмысымызды көріп, оларға ой салсақ, осы қоршаған ортаны, тұрып жатқан мекен-жайларымызды таза ұстасақ. Азаматтар деген осы өзіміздің өмір сүріп жатқан ортаға дұрыс көзқараспен қараса деген ниет, пейіл ояту. Негізгі мақсатымыз осы.


Тазалық акциясына Шахтинск қаласының мектеп оқушылары да атсалысып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Еріктілер "Таза бейсенбі" экошарасының аясында зейнеткерлер, мүгедектер мен тыл ардагерлерінің үйіндегі қарды күреп, шаруасын тындырды. Сондай-ақ қаладағы саябақтар мен аллеяларды қоқыстан тазалады.

ГАЛИНА МАЙОРОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ:

Осыған дейін қар толып жатушы еді, жастар бәрін тазалады. Жарайсыңдар! Жазда да келіп шөп жұлуға көмектескен еді, ол менің жалғыз қолымнан келмейді ғой, жасым келіп жалқауға айналдым. Жастардың еңбегіне қарап отырамыз осылай.