$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Қызылордада 60 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

Қызылордада 60 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

Қызылордада 60 отбасы қоныс тойын тойлады. Қаланың жаңа ауданынан 5 қабатты тұрғын үй бой көтерді. Жалпы құны -1,2 млрд теңге. Армандағы пәтерін кілтін қолына алғандардың бірі - Мадина Базарова. 16 жылдан бері кезегін күткен оның қуанышында шек жоқ.

МАДИНА БАЗАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мейрамда бізге бұйырып жатыр. Мен өзім күміс алқа иегерімін. Көпбалалы анамын. Күйеуім 2-топтағы мүгедек. Сол санатпенен кезекке тұрғанбыз. Осы үйге міне қуанышым шексіз. Жетікзе алмай да жатырмын. Шамалы толқып тұрмын.