Кикбокстан өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бибарыс Сауханбекке құрмет көрсетілді. Спортты жанына серік еткен Бибарыс бір жылдан бері "Астана тазалығында" слесарь болып жұмыс істейді. Мекеме басшысының айтуынша, Бибарыс жұмыста алғыр, ортасына сыйлы. Бұндай азаматтың ортамызда бары бізге жетістік дейді. Бибарыстың кикбокспен айналысқанына 14 жыл болған. Еңбекпен бірге спортты өрге сүйреп жүр. "Астана Тазалық" мекемесі Бибарысқа пәтер алуға 10 млн теңгенің сертификатын сыйлады. Сонымен қатар, "Астана Тазалық"мекемесінде арнайы техника жүргізушісі болып қызмет атқаратын әкесі – Кенжежан Сауханбекұлына еліне деген патриоттық сезімі бар тұлға тәрбиелегені үшін алғыс айтылды.
БИБАРЫС САУХАНБЕК, КИКБОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:
Астананың қазіргі көшедегі тазалап жатқан машиналарды жөндеу біздің қызметімізде. Әрине бұл жерде шаршайтын қиналатын ешқандай жұмыс жоқ. Жұмыста қарапайыммын. Шетелге шықсам өзімнің рухымды көтеріп, қазақтың туын көкке желбіреткеніме өте қуанамын.
ЗАМИР САҒЫНОВ, “АСТАНА ТАЗАЛЫҚ” ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Біздер оны ондай спортшы деп білген жоқпыз жұмысқа алғанда. Қарапайым айтқан жұмысты істейді. Әлем деңгейінде спортшы болып жүргенін қағаз келгенде білдік. Көпшілігінің проблемалық мәселелерінің бірі бұл баспана Бибарысқа бұйырып жатыр. Әлемдегі спортшы есебінде жанағы жас маман есебінде.