Бурабай ауданының Щучинск қаласында жеке тұрғын үйлердің біріндегі моншада өрт шықты.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның әрі қарай таралуына жол бермей, қысқа мерзім ішінде 3 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктердің айтуынша, өрттің шығуына жылыту пешінің мұржасын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.