$505.15 €550.31 ₽5.89
×

БҚО-да шенеунік өзіне 800 мың теңге заңсыз сыйақы тағайындаған

AstanaTV
15.03.2025ж. 17:39
101
БҚО-да шенеунік өзіне 800 мың теңге заңсыз сыйақы тағайындаған
Фото: Azattyq Rýhy

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында мемлекеттік қызметкер заңсыз сыйақы алып, кейін оны бюджетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyqү Rýhy «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

«Дисциплинарлық кеңес Архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиевтің заңсыз әрекетін қарастырды. Ол 2024 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында өзіне 766 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындаған», — делінген хабарламада.

Прокурор Жандос Қуанышбековтің айтуынша, шенеунік бұған құқығы болмаған, себебі оған «атқаратын қызметіне толық сай емес» деген тәртіптік жаза қолданылған.

«Қызметтік тергеу барысында заң бұзушылық расталды, ал Манарбек Әдиев өз кінәсін мойындады. Ол «абайсызда ұмытып кеткенін» айтып, ақталды. Дегенмен, заңсыз алынған сыйақыны толығымен бюджетке қайтарды», — делінген материалда.

Этика жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов Әдиевтің бұл әрекетін өрескел заңбұзушылық деп бағалап, оны мемлекеттік қызметтен босатуды ұсынды. Енді оның тағдырын Жәнібек ауданының әкімі шешеді.