$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Абай облысында жүздеген көлік жолда қалып қойды

AstanaTV
15.03.2025ж. 18:24
123
Абай облысында жүздеген көлік жолда қалып қойды

Абай облысында қолайсыз ауа райы салдарынан жүздеген көлік жолда бөгеліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz “ҚазАвтоЖол” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жолдың ашылуын 90 жүк көлігі мен 160-тан астам жеңіл автокөлік күтіп тұр.

Абай облысында ұлттық компания мамандары түн бойы құтқару жұмыстарын жүргізді. Кейбір көліктерді жолға шығару мүмкін болды, алайда күшті боран салдарынан трассаларда көліктер әлі де қозғала алмай тұр.

“ҚазАвтоЖол” мәліметінше, Таскескен бағыты бойынша 90 жүк көлігі, 40 жеңіл автомобиль және 4 автобус жолдың ашылуын күтуде. Мамандар қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесіп, түн ішінде 60-тан астам көлікті қардан шығарды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

14 наурыз күні түнгі сағат 23:00-ден бастап Алматы – Талдықорған – Өскемен тасжолының Таскескен ауылы мен Аягөз қаласы арасындағы бөлігі алдымен жүк көліктері, кейін жеңіл автокөліктер үшін жабылды. Алайда кенеттен басталған боран салдарынан бұл аумақта 100-ге жуық көлік жолда қалып қойды.

"ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы түн бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп, 20-ға жуық ауыр техника жұмылдырды. Алайда қатты боран жолды толық тазартуға мүмкіндік бермей отыр. Қар құрсауында қалған үш жолаушылар автобусы Аягөз қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта Таскескен мен Аягөз арасындағы жол бөлімі жабық күйде қалып отыр. Аягөз жақтан 120-дан астам көлік қозғалыстың қайта жандануын күтуде", – деп хабарлады “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.