Роза коуч ажырасқан ер адамдардың екінші ркт жылдам қайта үйленуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы ол журналист Әйгерім Есенәліге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізуші Әйгерім Есенәлі ер адамдардың ажырасқаннан кейін бірден үйленіп кететінін атап өтіп, керісінше, оларға ойлануға уақыт беру керек екенін айтты. Бұл пікірге жауап ретінде Роза коуч ерлердің тұрмыстық мәселелерді өз бетінше шеше алмайтынын, сондықтан қайта үйленуге мәжбүр болатынын жеткізді.
«Көптеген ер адам анасынан әйеліне «ұзатылып» келеді. Бізде қыздар емес, еркектер ұзатылады. Кейін ажырасқаннан кейін олар басқа әйелге «ұзатылып» кетеді. Өйткені олар тұрмыстық мүгедектер», — деді коуч.
Оның айтуынша, ер адамдар күнделікті тіршілікке икемсіз болып өседі, сондықтан жалғыз қалғанда үй шаруасын жүргізуде, тамақ әзірлеуде және басқа да тұрмыстық істерде қиындық көреді. Бұл олардың тез арада жаңа жар іздеуіне себеп болады.