$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Алматы облысында экс-депутат таңқурай өсіру үшін өтірік субсидия алып, ақшаны казиноға салған

AstanaTV
17.03.2025ж. 13:42
92
Алматы облысында экс-депутат таңқурай өсіру үшін өтірік субсидия алып, ақшаны казиноға салған

Қаржы мониторинг агенттігі Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Күдікті экс-депутат мемлекеттен ұрлаған 170 млн теңгені Қонаев қаласындағы казиноға құртқаны белгілі болды.

Мемлекеттен субсидия алу мақсатында күдікті Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына «Награда» түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттарды ұсынған. Әуел баста 947 млн теңгені сұралып, оның тең жартысына тең, яғни, 474 млн теңге көлемінде субсидия алған.

Бұл кірістерді жылыстату үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схема әзірлеген. Іс жүзінде әрине бұның бірі де болмаған.

«Аталған жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 млн теңге сомаға қолма-қол қаражат алынды. Ұрланған қаражаттарды заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге қылмыстық табыс тапқан. Қылмыстық табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және «Toyota Highlander» автокөлігін сатып алған. Сот осы мүліктерге, сондай-ақ 50 млн теңге ақша және 91 млн теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салды», - деп хабарлайды ҚМА.