Тариф бағасын өзара келісіп көтерген. Kcell, Tele2 және Beeline ұялы операторлары тексеріліп жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы орынбасары Болат Сәмбетовтың айтуынша, соңғы бірнеше жылда олардың жұмысына жиі шағым түскен. Монополиялық жоғары тарифтерді белгіледі деген күдікпен ұялы оператордың біреуіне қатысты бөлек тергеу жүргізіліп жатыр.
БОЛАТ СӘМБЕТОВ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Соңғы жылдары шағым көп түсті. Біз нарықты талдап, тарифтердің көтеріліп жатқанын байқадық. Соңғы екі жылда байланыс операторларының барлығы бағаны көтерген. Олардың өзара келісіп баға көтерген, көтермегенін тексердік. Нәтижесінде өзара сөз байласып, операторлардың тарифтерді бір уақытта көтергенін анықтадық. Қазір жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз