$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Өгей әкесі 15 жастағы қызын 38-дегі адамға күштеп тұрмысқа берген

17.03.2025ж. 20:00
57
Өгей әкесі 15 жастағы қызын 38-дегі адамға күштеп тұрмысқа берген

Қарағанды тұрғыны 15 жастағы қызын 38-дегі адамға күштеп тұрмысқа берген. Мұндай бассыздыққа барған -жасөспірімнің  өгей әкесі көрінеді. Бес күн бойы зорлық көрген қыз туған әкесіне қашып барып, полицияға арыз жазған.  Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін  сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші психологтар қарамағында. Тергеу жалғасуда.