$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Ақорданың басшысы ауысқанына алты жыл

17.03.2025ж. 20:00
112
Ақорданың басшысы ауысқанына алты жыл

Алты жылдың ауыртпалығы аз болмады. Тоқаев ел тізгіндеген тұсты осылай тәмсіпдейді. Кемелұлының қолынан келер ме екен деп күдік тудырғандар болды. Әрбір сынаққа сынбады. Керісінше, сабақ алды, алға жылжудың жолын тапты. Тоқаевтың тұсындағы өзгерістерді Сүндет Оралбек тізбектеп береді.

СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Соңғы алты жылда елде болған түрлі саяси һәм табиғи төтенше жағдайлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты шыңдады. "Жұмсақ дипломат" деп шулаған жұртқа кәсібилігін көрсетті. Тосын оқиғаларға тосылмады, тығырықтан шығудың төте жолын тапты. Әлеуметтік мәселеден бастап, экономика, рухани салалардың әрқайсысына жіті мән берді.


Су тасқыны, орман өрті, банк секторындағы тұрақсыздық, мұнай бағасының төмендеуі сияқты факторлар экономикалық түсімдерге кері әсерін тигізді. Осы тұста мемлекетті дағдарыстан алып шыққан экономиканы әртараптандыруға бағытталған саясат.  Соның арқасында жалпы ішкі өнім көлемі 288 млрд долларға жетті.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Біз бұрынғыдай шикізатқа тәуелділіктен басқа да салалар арқылы экономиканы дамыту жолындамыз деп айтуға болады.  Бірінші кезекте өңдеуші өнеркәсібі. Биылдың өзінде 190-нан астам өңдеуші өнеркәсіптерге инвестициялық ақша бөлінуі. Қазіргі уақыттағы біздің мақсатымыз осы импортқа тәуелділіктен отандық кәсіпорындардың үлесін арттыра отырып шығару.  Бұлда сырттан келіп жатқан дағдарыстарды алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.  


Отандық тауар өндірушілерді қолдау – Мемлекет басшысы басымдық берген негізгі бағыттың бірі. Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 180 инвестициялық жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 6 жылда машина жасау үш есе артты. Ауыл шаруашылығы саласын қолдау да жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде Мемлекет басшысы көптің көңілін күпті қылған бірнеше мәселеге нүкте қойды. Ел дамуына елеулі үлес қосатын заңдар іске қосылды.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлттық қор -балаларға жобасы. Бұл жоба Қазақстан халқы, балалары мемлекеттің табысынан дивидент алатын мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты заң қабылданды. Соның аясында прокаратураның қарамағынан ведомства құрылып, осымен тікелей айналысып жатыр. Сонымен қатар көмір сутектеріне қатысты заң қабылданды. Онда елімізде анықталған кен орындарына инвестор келіп зауытын соғып өңдей бастайтын болса, кемі 51  пайызы мемлекеттің меншігінде болады.


Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске де ерекше ден қойды. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын заң күшіне енді. Әлеуметтік қолдау шаралары да артты. Ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгеден 85 мыңға көтерілді. Бірнеше сала мамандарының табысы артты. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы төлем енгізілді.

НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысы билікке келген алты жылда билік жаңғыртылды. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет, күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет" қағидаты іске асырылуда. Конституциялық сот құрылды. Құқығы тапталған азаматтар әділдік іздеп осында жүгіне алады. 6 жылда атқарылған тірлік көп. Барлығы да халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.


СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік мандаты 2029 жылы аяқталады. Ол қайта сайлауға түсуі мүмкін бе? Мерзімі жақындаған сайын осы сұрақ жиі қойыла бастады. Бірақ Тоқаев  Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді деп нүктесін қойды. Кемелұлының еліміздің көсегесін көгертуде атқарған жұмысының нақты нәтижесін енді бес жылдан кейін білетін боламыз.