Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер мен түйткілді тақырыптардың түйінін тарқатуды кейінге қалдыруға болмайды. Бюро отырысында сенат спикері Мәулен Әшімбаев осылай деді.
Мемлекет басшысы цифрландыру ісіне баса мән беріп отыр. Себебі, бұл ел экономикасының қарқынды дамуына тікелей әсер етеді. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін ұлғайтып қана қоймай, оның бәсекеге қабілеттілігін, өндіріс көлемін және экспорттық әлеуетін арттыруға да жағдай жасайтыны сөз болды. Президент бастамаларын жүзеге асыру мақсатында Сенаттың тұрақты комитеттері жұмысты күшейтеді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жиын барысында қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелер ашық талқыланып, сындарлы пікірлер айтылды. Парламент қабылдауға тиіс заңнамалық өзгерістердің бағыттары айқындалды. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – осы іргелі істерді жүйелі түрде жүзеге асыруға тиісті заңнамалық база қалыптастыру.