Елде 6 жылдың ішінде 250-ден аса жатақхана салынды. Нәтижесінде орын тапшылығы 6 есе қысқарған. Бұл студенттердің сапалы білім алуына оң ықпалын тигізді. Жастарға жасалған жағдай мұнымен шектелмейді. 2019 жылдан бері 500-ден аса мектеп, медицина, спорт және басқа да әлеуметтік нысан пайдалануға берілген. Дегенмен, әлі де шешімді талап ететін мәселелер жоқ емес. Мұндай түйіткілдің барлығы Бурабайда өткен төртінші Құрылтайда қаузалған еді. Белсенділер мен тұрғындар оны қызу талқылауға көшкен. Кім не деп жатыр? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толды. Президент Бурабайдағы келелі жиында бұл тақырыпқа арнайы тоқталды. Бекерден-бекер емес. Өзекті тақырыптар таразыға түсетін отырыс келесі жылы Сыр бойында өтеді. Кезінде бас қала болған өңірдің тұрғындары мұндай ақжолтай хабар бәрімізді қуантып қойды дейді.
БЛИЦ (ҚЫЗЫЛОРДА):
- Құрылтайдың өтетініне біз өте үлкен қуаныштымыз. Бұл жетістікке халықтың ең үлкен септігі. Біздің ең тұңғыш астана болған қаламыз.
- Ең тұңғыш біз болдық, ол тарихта бар нәрсе. Енді біз жақсылап өткізуіміз керек. Соған дайындалуымыз керек. Жақсылық күтеміз.
- Қызылорда облысының бастамасын Президентіміз ерекше атап өтті. Былтырдан бері стадион салынып жатыр.
Қызылордалықтар «бізде Құрылтай өтеді» деп қуанса, арқалықтағы ағайындар жаңа аэровокзал кешенінің салынатынына мәз. Өйткені бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартады. Бұдан бөлек, орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді.
БАТЫРБЕК АХМЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жолдың енді үлкен серпін береді деп есептеп отырмыз.Әрбір өндірілген өнімнің ары-бері өтуіне, тасымалдауына, ол үлкен серпін береді.Оның бер жағында енді ауыл шаруашылығы өркендейді ғой біздің елде.Оның бер жағында ең кешеуілдеп, кейінге қалып келе жатқан бір бағыт туризм бағыты.Сол туризмді өркендетуге үлкен бағыт береді есептеп отырмыз.
Бұл жолғы Құрылтайда қаузалған тақырып әртүрлі. Бала тәрбиесінен бастап экономикаға дейін көтерілді. Елде 6 жылдың ішінде 250-ден аса жатақхана салынды деді Президент. Бұл орын тапшылығын 6 есе қысқартқан. Оралдың өзінде соңғы 3 жылда 4 студенттер үйі пайдануға берілді.
БЛИЦ (ОРАЛ):
- Бізде жатақхана колледждің дәл жанында болғандықтан, ол жерге бізге баруға оңай. Бізден шығын шықпайды, яғни, көлікке, автобусқа төлемейміз.
- Жатақхананың ішінде көптеген шаралар болады. Көбінесе бос уақытыңды текке өлтірмейсің, уақыт күшті өтеді.
БЛИЦ (АЛМАТЫ):
- Мен өзім Ақтөбе қаласынан келдім. Бірінші курс студентімін. Жылдың басынан бері жатақханада тұрамын.
- Жалпы қазір де жатақхана табу өте қиын емес. Өйткені мысалы өзіміз онлайн түрде заявка берген болатынбыз, 1 жарым 2 сағаттың ішінде бізге уже орын берілді деп жауап келген болатын.
Мұның барлығы -жас ұрпақтың алаңсыз білім алуы үшін жасалған жағдай. Құрылтайда біліммен қатар тәрбиеге де аса көңіл бөліну керегі де айтылды. Расымен, бізде ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған емес. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейтін болсақ, біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды дейді қоғам белсенділері.
АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, АЙТЫСКЕР АҚЫН:
Бүгінге күнге дейін біз біртұтас тәрбие деп келдік. Осы біртұтас тәрбиенің өзін «адал азамат» деп ауыстырсақ осының өзін деп Президентіміздің бастамасымен, ұсынысымен өазіргі таңда енді осы уақытқа шейін біртұтас тәрбие деген үлкен бағдарлама дайындалды. Осының өзін «адал азамат» деп алуды жөн санап отыр. Сонда отбасында басталған тәрбие әрі қарай қоғамға адал азаматты алып келеді. Бұның ең соңғы сатысы адал азаматтың өсіп өніп шығуы.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Президент осыдан бес жыл бұрын Семейде абайтанушы ғалымдармен кездесіп, Абай институтын құру туралы ұсыныс айтқан. Бұл бастама цифрлық платформа форматында іске асырылды. Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталық болуы тиіс деді Мемлекет басшысы. Қазір бұл тірліктің бәрімен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсене айналысуда.
ҚЫРМЫЗЫ ЖАҢБЫРШИНА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өзінің құрылтайы өткен болатын.Сол құрылтайда білім саласындағы қазақ тілін оқыту сапасын жақсарту. Кәсіпкерлікте, технология салаларында қолданыс аясын кеңейту сияқты осындай үлкен мәселелер көтерілген болатын.Жалпы мен ойлаймын біздің ана тіліміз өзінің мемлекеттік тіл ретінде дәрежесін сақтай отырып, алдағы уақытта да дамып өркендей береді деп сенемін.
«Құрылтай – біздің арман-мұратқа жету жолындағы басты алаңымыз», дейді өңір белсенділері. Рас. Өзекті тепкен тақырыптар осы алаңда айтылып, түйіткіл тарқалып жатса – мақсатқа жеттік деген осы.