$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы мектеп құрлысы биыл аяқталады

17.03.2025ж. 20:00
57
Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы мектеп құрлысы биыл аяқталады

Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы мектеп құрлысы биыл аяқталады. Қарағандыда өткен «АМАNАТ» партиясының кеңейтілген отырысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осындай тапсырма берді. Мердігер компаниямен туындаған проблема салдарынан  құрылыс баяу жүрген. Тұрғындар мен оқушылар жаңа мектепке биылдан қалмай кіретіндеріне қуанышты.  Сондай-ақ отырыста  денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысына қатысты түйткілді мәселелер талқыланды.Олардың бірі – қоршаған ортаны қорғау. Теміртаулықтар жергілікті металлургиялық зауыттан шығарылатын зиянды қалдықтарға шағымданып келеді. Осы ретте Қармет зауытын көгілдір отынмен жабдықтау жүзеге асырылмақ. Көшелерді жасылдандыру жұмыстары жалғасады.  Жол картасының орындалмаған әрбір тармағы бойынша нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, егжей-тегжейлі кезең-кезеңімен жоспар құру туралы шешім қабылданды.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Қарметке қатысты жобаны субсидиялайтын боламыз. Оның ішінде өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу де бар. Осыған қатысты арнайы жоба құрастырылып жатыр. Бірден жқмысқа кірісетін боламыз.