Түркістан облысы Созақ ауданындағы үш ауылда тұрмыстық қатты қалдықтар енді талапқа сай салынған арнайы полигондарға тасталады. Желдің өтінде орналасқан теріскейдегі аудан үшін бұл өзекті мәселе болып келген. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі бес жылдық кезеңге арналған Жол картасында өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды күшейтуге бағдарланған міндеттемелер бекітіліп, осы проблема партиялық бақылауға алынған. Соның ішінде Созақ ауданындағы қолданыстағы бес қатты тұрмыстық қалдық полигондарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі басымдық белгіленген. Партия бақылауында тұрған Жуантөбе, Қаратау, Қарақұр ауылдық округтеріндегі полигондар құрылысы өткен жылы аяқталған. Тағы екі полигонның құрылысы келесі жылы бітеді деп күтілуде. Сондықтан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңестің көшпелі жұмыс жиынының бұл жолы Созақ ауданында өтуі бекер емес.
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Көшпелі отырыстың мәні, біріншіден, мақсаты да бұл барып, сол жерде көзбен көріп, мәселені түп түбіріне дейін талдауды мақсат етеді. Бүгін біз екі полигонда болдық. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын, жаңадан ашылған полигондар өте жақсы. Енді сұрыптауды қажет ететін қондырғыларды қойса, әрі қарай жұмысты бастай беруге болады.