$499.04 €544.45 ₽5.96
×

"Картоптың бағасы маусымаралық кезінде қымбаттай береді", - Е. Тасжүреков

"Картоптың бағасы маусымаралық кезінде қымбаттай береді", - Е. Тасжүреков

Елімізде картоп тапшылығы жоқ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков осылай дейді. Ол өнім мол болғанымен, маусым кезінде баға шарықтай беретінін жасырмады. Сондай-ақ былтыр Ресей мен Өзбекстанда картоптың бітік шықпауына байланысты қазақстандық өнімге шетелден сұраныс көп болған. Бағаның тұрақталмауына экспорттық жағдай да әсерін тигізген. Алайда картоптың сырт елге сатылуына тыйым салынғаннан бастап баға тұрақталып, өнім қоры жеткілікті, дейді.

ЕРБОЛ ТАСЖҮРЕКОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Базардағы тұрған 100 машинаның 80 пайызы картоп. Сондықтан картоп бойынша тапшылық, ішкі нарықта жоқ деген шындыққа жатпайды. Картоп жеткілікті. картоптың бағасы маусым аралық кезінде қымбаттай береді.


Астанада жыл басынан бері картоп бағасын негізсіз қымбаттатқан 460 факт анықталған. Саудагерлер өнімнің құнын шамадан тыс шарықтатқаны үшін айыппұл арқалады. Жалпы бағаның көтерілуіне бірнеше себеп бар.

АЙДАР ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР СИМ САУДА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мына кісілер документсіз сатады. Ал біздің сауда желілері НДС-пен сату керек. Ондай қиындық бар. Сондықтан арада посредник пайда болады. Ол мына картопты сатып алады. НДС төлейді, салығын төлейді. Содан кейін сауда желісіне қойып береді. Сауда желісіне уже 350-360 теңгемен келеді. Сондықтан 390, 420, 450 теңгеге дейін барады кейбір жерлерде. Ол сатып алған бағаға байланысты.