$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Астанада жас отбасылар арасында байқау өтті

17.03.2025ж. 20:00
252
Астанада жас отбасылар арасында байқау өтті

"Қазағымның дәстүрлері-ай". Астанада осындай атаумен жас отбасылар арасында ұлттық-этнографиялық байқау өтті. Шараны  қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған.

Таланттар сыналып, бақ таласқан бұл байқауға қатысушылардың бәрі қызу дайындықпен келген. Ұлықпановтар әулеті биыл екінші рет бақтарын сынап отыр. Жарыс үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар өзін таныстыру, қолөнер, ұлттық тағам жасаудан және өз өнерін көрсету бойынша сайысты.

БАҚТАЛАНТ ҰЛЫҚПАНҰЛЫ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Бұл байқауға біз осыдан бір-екі жыл бұрын қатысқанбыз. Сол кезде бірінші орын алғанбыз Республикаға өткенбіз. Сосын биыл тағы да бағымызды сынап көрейік деп. Бірақ ол кезде басжүлде ала алмай қалдық.      


Биыл бұл іс-шара үшінші рет ұйымдастырылып отыр. "Қара шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тұрар Сәттарқызының айтуынша, мақсат - қазақ халқынын салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын заманға сай жанғырту. Сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жастар арасында дәріптеу дейді.

ТҰРАР СӘТТАРҚЫЗЫ, "ҚАРА ШАҢЫРАҚ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Бірнеше жыл болды жас отбасылармен жұмыс істейміз. Өздеріңіз білесіздер бүгінгі таңда отбасы институты құлдырап, қазірде бізде қоғамызда осы отбасына қатысты көптеген проблемалар бар. Біздің енді мақсатымызда сол отбасы құндылығының дәріптеу арқылы, мықты елімізге қызмет ететін азаматтар тәрбиелейтін жас отбасыларды тарту.


Байқауда жас отбасылардың еңбегі, табандылығы айқын көрінді. Айта кетейік, сайыстың жүлдегерлері мен қатысушыларына арнайы ұлттық нақышта жасалған ыдыс-аяқтар табысталды. Сонымен қатар алғыс хатпен марапатталды.