$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Елордада тұскиіздер көрмесі өтті

AstanaTV
17.03.2025ж. 20:00
360
Елордада тұскиіздер көрмесі өтті

Тұскиіз өнері тұралап, оны жасайтын қолөнерші азайып барады. Көнеден жеткен асыл бұйым көнерген қалпында қалмаса игі. Осы қауіптің алдын алып, шеберлер ісін қайта жаңғырту үшін Елордада тұскиіздер көрмесі өтті. Қазақы құндылықтармен шымылдығы ашылған шарада қолдан кестеленген туындылар таныстырылып, қолөнершілер тарихын тарқатты. Жиында сенаторлар Әлішер Сатвалдиев пен Ғалиасқар Сарыбаев, мәжіліс депутаты Болат Керімбек, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанай төбе көрсетті. Аталмыш қазақы кәсіп бұл күні еліміздің Оңтүстік және Шығыс өңірлері мен Моңғолия қазақтарында жақсы сақталған.

БҰЛБҰЛ КӘПҚЫЗЫ, КОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

Өзі көрменің атағы айтып тұр "Көненің өрнегі" деп. Сондықтан бүгінгі таңда жасалғаны да бар, бірақ та көне жасалған тұскиіздердің жинағын әкеліп біз көрсетіп жатырмыз. Бұл көбінде негізі бүгінгі таңда жиналып тұрған тұскиіздің барлығы шығыс жақтыкі иә, Моңғолия, Керей қазақтарының мәдениеті. Ұрпақ сабақтастығы болсын, жастарымыз білсін, көрсін, танысын деп әкеліп бұл көрмені, ұйымдастырып жатыр "Бота" қолғанат орталығы.