$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Көрнекті жазушы Төлен Әбдік "Бірге кітап оқиық" аманаты бойынша Дулат Исабековтің «Қарғын» романын оқуды ұсынды

17.03.2025ж. 20:00
106
Көрнекті жазушы Төлен Әбдік "Бірге кітап оқиық" аманаты бойынша Дулат Исабековтің «Қарғын» романын оқуды ұсынды

“AMANAT” партиясының "Бірге кітап оқиық" аманаты жалғасуда. Көрнекті жазушы Төлен Әбдік  оқырмандарға өзінің жан досы, жазушы марқұм Дулат Исабековтің «Қарғын» романын оқуды ұсынды.

“Бірге кітап оқиық” аманатының кезекті қатысушысы көрнекті жазушы Төлен Әбдік болды. Оған келесі кітапты таңдауды жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жолдаған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясын қолдау мақсатында өзіміздің "Бірге кітап оқиық" жобасын бастаған едік. Бұл "AMANAT" партиясының «Кітап-AMANAT» жобасы аясында жүзеге асып жатыр.

Жазушы «Бірге кітап оқиық!» аманатын қабылдап, өзінің жан досы болған, жазушы марқұм Дулат Исабековтің «Қарғын» романын оқуды ұсынды.

ТӨЛЕН ӘБДІК, ЖАЗУШЫ:

Қазақ әдебиетінің ең тамаша классик жазушысы Дулат Исабековтің шығармасын қанша оқысаң да көпсінбейсің. Оның «Қарғын» деген романы бар. Бұл – ерекше роман. Мұндағы мөлдір махаббат, өмірдегі келеңсіздіктер мен әділетсіздіктерге қарсы наразылықтың протестік образы бар ішінде. Сондықтан келесі кітап Дулаттың «Қарғын» романын болса деп тілек айтамын.


Шығарманың негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Жазушының ұсынысын желі оқырмандары қуана қабылдады.

ИНСТАГРАМ:

-  Ұсыныс күшті! Бала кезде көп кітап оқыдық. Қазір немерелеріме бір айда бір кітап оқытып бастадық. Оқып бітіргесін әкесі тағы кітап алып беріп жүр.Бір немерем кітап оқығанды қатты жақсы көреді.
- Бәрекелді! Ағамызға мықты денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.
- Төлен атаның да шығармалары бір төбе.Кітап оқуға желкесі жібермей,бастаса аяқтай алмай жүргендер Төлен Әбдіктің "Оң қол" атты шығармасын оқысын. Соңына дейін оқымау мүмкін емес.


Көрнекті жазушы Төлен Әбдік "Бірге кітап оқиық" аманатын одан әрі жалғастыруды  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдады.