$499.04 €544.45 ₽5.96
×

Павлодарда оқушылар ағаш тұқымын екті

17.03.2025ж. 20:00
92
Павлодарда оқушылар ағаш тұқымын екті

Павлодарда оқушылар ағаш тұқымын екті. Мақсат- жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу. Шара "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылды. Оған жоғары сынып оқушылары қатысып, эколог мамандардан дәріс тыңдады. Балалар үшін табиғатпен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Өскен ағаштың қоршаған ортамен өзара байланысын бақылау арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйренеді- дейді, экологтар.

ЖАНСАЯ СЕЙІТХАН, ОҚУШЫ:

Қоршаған ортаны қорғау маңызды боп саналады және оның ішінде ағаш отырғызу ең қарапайым. Бірақ маңызды жолдардың бірі боп табылады. Одан кейін жалпы теректер ауланы тазартады. Көлеңке береді, топырақты қорғайды. Сондықтан әр адам табиғатқа үлесін қосып, жауапкершілікпен қараса біздің әлеміміз жаңара түсіп әрі жайлы болады деп ойлаймын.