Шымкентте миндаль ағашы гүлдеді. Өңірде сирек өсетін бадам жаңғағы қала тұрғының ауласына көрік беріп тұр. Видео авторы - жоғары оқу орнының биолог маманы. Оның айтуынша, миндаль ағашы өріктен де бұрын гүл ашады. Әзірге қалада өріктер бұлай жаппай гүлдей қойған жоқ. Айта кетейік, мегаполисте соңғы күндері ауа температурасы +15-20 градусқа дейін көтерілді.