Ақтөбе тұрғыны жарты жылда жол ережесін 118 рет бұзып, 3,5 миллион теңге айыппұл арқалаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
16 наурызда Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесі арқылы Toyota автокөлігінің жол ережелерін сақтамағанын анықтап, тоқтатқан.
Тексеру барысында аталған автокөлік жүргізушісінің соңғы алты айда жол қозғалысы ережелерін 118 рет бұзғаны белгілі болды.
Ол жылдамдықты жиі асырған. Жарты жыл ішінде жүргізушіге салынған айыппұл көлемі үш жарым миллионға жеткен. Қомақты айыппұлды төлемей, жол ережесін бұзуды жалғастыра берген.
Қазіргі таңда автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция департаменті барлық автокөлік жүргізушілеріне, оның ішінде транзиттік нөмірлердегі автокөліктер иелеріне жасаған бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жалтара алмайтынын еске салады.