$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Трамп ертең Путинмен Украина жерін талқыламақ

AstanaTV
18.03.2025ж. 13:06
202
Трамп ертең Путинмен Украина жерін талқыламақ
© AP Photo / Carl Court

АҚШ президенті Дональд Трамп ұшақ бортында мәлімдеме жасап, ертең ресейлік әріптесі Владимир Путинмен сөйлесетінін хабарлады. Оның сөзінше, келіссөздер барысында территория мен Ресейдің бақылауына өткен Запорожье АЭС-нің тағдыры талқыланады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Демалыс күндері көп жұмыс атқарылды. Біз бұл соғысты аяқтау мүмкіндігімізді көргіміз келеді. Бәлкім оны тоқтатамыз немесе тоқтата алмаймыз. Бірақ менің ойымша, бізде өте жақсы мүмкіндік бар. Біз жер мен электр станциясы туралы сөйлесеміз. Меніңше, көп мәселені Украина мен Ресей қазірдің өзінде талқылап жатыр.