Instagram мен Facebook-тегі қазақстандық музыкаларды қайтару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр екен. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, Meta корпорациясының сервистерінде отандық орынаушылардың компазициясын пайдалану мүмкіндігі жойылған еді. Дабылды бірінші болып туындыларын «таппай» қалған әншілер соқты.
«Біз бақылап отырмыз. Не болып жатқанын білеміз. Біз өзіміздің делдалдық жұмысымызды заң аясында барынша түгел орындауға тырысамыз. Meta платформасы өз талаптарын қойып отыр. Ал авторларды авторлар қауымдастығы ұсынады», - деді Кочетов.
Вице-министр платформадан әні жоғалған әншілердің қанша пайдадан қағылғанын дөп басып айта алмады. Сонымен қатар мәселе нақты қашан шешілетіні де жұмбақ болып отыр. Кочетов жуырда Meta-да әндердің қайта оралатынына ниетті.