$496.41 €542.77 ₽6.05
×

"Тойдың орнына Дубайға барып келсін": Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді

AstanaTV
18.03.2025ж. 21:12
88
"Тойдың орнына Дубайға барып келсін": Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді
Видеодан кадр: instagram.com/berkut_aibekjan/

Қазақстандық музыкант, Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітов 90-ға таяп қалған әкесі мен анасын Дубайға демалысқа жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram желісінде ата-анасының Дубайда қалай демалып жүргенін көрсетті. Кадрлардан тоқсанды алқымдаған ақсақалдың теңіз жағасында күнге қыздырынып, бассейнге шомылып жүргенін байқауға болады.

"Биыл әкемнің туған күнінің қарсаңында ата-анамызды тойдың орнына Дубайда он шақты күн демалып келсін деп шештік. Сөйтіп, ұшаққа отырғыздық та, шетелге бес жұлдызды қонақ үйге жібердік. Қазір ораза айында ауа райы ол жақта өте жақсы. Ол жақтан ағам қарсы алды. Жақсы бір демалыс болсын дедік. Дубайға бармағалы бес жылдай болыпты. Содан бал айы тәрізді, екі кісі кетті сонда. Ағам тамаққа апарып тұрды, шомылдырды, әйтеуір жақсылап тұрып қарады енді. Тіл білмеген соң қиын ғой. Екі кісі бізсіз жақсылап тұрып демалды десек артық айтпаспын. Ата-анамыз барда, біз бақытты жанбыз", - деп жазды Бүркіт желідегі парақшасында.