Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтты. Мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау кезінде Президент экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту керегіне назар аударды. Сондай-ақ азық-түлік пен экологиялық қауіпісіздікті қамтамасыз етудің, ел тұрғындарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды. Жалпы барша қоғам мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды.