«AMANAT» партиясы мен Қаржылық мониторинг агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Келісім шеңберінде қос тарап аляқтарға алданып, қарызданып қалған адамдарға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, халықтың қаржылық сауатын арттыру, айлакерлердің әрекеттері мен оларды танып білу тәсілдері үйретілмек. Айта кетейік, бұған дейін «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы арқылы 850 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Жоба түлектерінің 40%-дан астамы қарыз жүктемесі мен несиелер санын азайтты.
ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Елдің сұранысына ие болған партиялық жобамыз бүгінде жалпы ұлттық жобаға айналып отыр. Мемлекет басшысы да осы жобаны ел ауқымында кеңейтіп, Үкіметпен бірге жұмыс жасауды тапсырған болатын. Ол бағыт бойынша жолдауында да тоқталып өтті. Осы жоба басталғалы 840 мыңнан астам азамат оқудан өтті. 70 мың адамға заңгерлік көмек көрсетті. Яғни, жәй сандар ғана емес, санның артында әрбір адамның тағдыры, әрбір адамның жеке мәселелері тұр.