"Енді балаңыз оянбайды". Әлеуметтік желіде тараған видео тұрғындардың зәре-құтын алды. Алаяқтар балабақша тәрбиешісінің аккаунтын бұзып, сонын атынан ата-аналарға үрейлі хабарлама жіберген. Мәселенің соңы қалай аяқталды? Күдіктілер ұсталды ма? Осы және өзге де өзекті тақырыптар «Өзекті» айдарында. Аружан Задабек жалғастырады.
Қайырлы кеш, көрермен! Өзімді де, өзгені де толғандырған өзекті тақырыптарды алдағы бірнеше минутта талқылаймыз. Экраннан алыстамаңыз.
«Балаңыз терезеден құлап, қайтыс болды». Әлеуметтік желіде көкшетаулық блогер өзінің оқиғасымен бөлісті. Ол балабақша тәрбиешісіне баласын ертерек алып кететінін ескертіп, хабарлама жолдаған. Бірақ күтпеген жауап оның есін шығара жаздады. {КТМ:} Қызметкер «енді ол ешқашан оянбайды, себебі басқа бір қыз оны терезеден итеріп жіберді» деп үн қатқан. Есі шыққан ана артынша мұны жазған алаяқтар екенін білді.
БЛИЦ:
- Не деген сұмдық. Үкімет қайда қарайды? Неге ұстамайды алаяқтарды?
- Қалай осы телефонға алаяқтар кіреді? Осы ватсап бір адамға тіркелу керек қой. Кіргенде ешқандай алаяқ бола алмауы тиіс. Бұл не масқара? Алаяқ кіре салады, хабарлама жаза салады. Неге бізде бәрі оңай?
- Балалардың аттарын қайдан біледі?
Үйсіз-күйсіз жүргендер автобус аялдамаларын баспанаға айналдырған. «Бомждардың» мекеніне айналды деген тұрғындар дереу шара қабылдауды талап етіп отыр. Қолқаны қабатын күлімсі иістен қоғамдық көлікті сыртта күтуге мәжбүрміз деп жыларман.
БЛИЦ:
- Аяудың қажеті жоқ. Неге жұмыс істемейді? Іздеген адамға жұмыс көп. Базар, құрылыс дүкендерінде.
- Жай жатса ештеңе емес. Ішінде дәретр сындырып жатады.
- Бомждар тұратын орталық бар, сол жаққа барсын. Қатты суықта автобусты көп күтіп қалдық. Аялдамаға кіріп тұрайық десек, бомждар жатып алған. Сасық, ешкім кірмеді. Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
Шымкент әкімі желі қолданушыларының көзіне тағы түсті. Бұған дейін Ғабит Сыздықбеков өзінің сымбатымен, кәсібилігімен жиі сөз болатын. Көптен бері еленбей кетіп еді, жақында жарқ етіп шыға келді. Тұсау кесті, сұлу қыздармен суретке де түсіп үлгерген екен. Қала жұртымен де кездесіпті. Бұл жиын нағыз шоу болды десек артық айтқанымыз емес. Бәрі қалауын сұрады, әкім «шешемін» деп уәде берді. Ал желідегілер оның сырт келбетін талқылап әлек.
БЛИЦ:
- Прям осындай красавчик деп ойламадым ше.
- Сұлу екен әкімдерің.
- Иә, өте сымбатты жігіт екен. Білімді, сауатты, керемет жан екен. Шымситиге келгенде көргенмін.
Құрметті көрермен, мендегі бар ақпарат әзірге осы. Келесі жүздескенше!