Бүгін, наурызнама онкүндігі бойынша, Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленеді. Ұлттық киім ғасырлар бойы өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды.
Ақтөбеде екі мыңнан астам адам көшеге ұлттық киіммен шықты. Сән-салтанаты келіскен бойжеткен, бозбалалар, кимешекті әжелер мен аналар мерекенің сәнін келтірді.
РАБИҒА ХАНСЕНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Ежелден келе жатқан ата-бабамыздың киіп, өрнектеп біздерде әсіресе қыз баласын, әжесін , әйелін сондай әшекеймен гүлдендіріп, және қыздарға кішкентай кезінде шашын өргізіп, тақия, төбетей кигізіп басына үкі таққан.
Қазақтың ұлттық киім ғасырларды артқа тастап, уақыт талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Ол адамның жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне қарай ерекшеленген.
Әр рудың, әр жүздің бас киімі мен киімі, ою-өрнегінде айырмашылықтар болған.
БАЗАРГҮЛ ТҰРЛЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ:Мысалы арғын шапан немесе басқа қоңырат бас киім деген рудың атымен аталған өзгеше киімдері болған. Ерте кезде бір ауылда бір ауыл арасына келген кезде үлкен салтанатты жиындар болғанда келгенде осы киімдерінен киім ерекшеліктерінен таныған бір-бірін.
Жас келіндерге арналған кимешекке қызыл түстен әдемі оюлар салынса, орта жастағы әйелдерге сары, сарғыш түстерден өрнектер тігілген. Ал қариялардың кимешегі ақ зермен айшықталған. Киімдегі әрбір ою-өрнектің өзіндік мағынасы бар.
БҰЛБҰЛ ҚАПҚЫЗЫ, ҚОЛӨНЕРШІ, ЭТНОГРАФ:Оңтүстікте көбінде ер адамдардың киімінде гүлді жапырақты біздің би- манат , хан-сұлтандарымыздың киген киімдері гүлді жапырақты оюлар болған.Ал шығыс жақтың оюлары көбінде жанағы аң шаруашылығымен шұғылданатын, мал шаруашылығымен шұғылданатын болғандықтан оларда ай мүйіз, қошқар мүйіз, сынар мүйіз деген оюлар көп қолданыста болған.
Этно стильдегі киімді көпшілікке насихаттап жүрген дизайнерлер аз емес. Солардың бірі Айгүл Төлеубаева. Ол кейуаналарға күнделікті тұрмыс-тіршілікте киюге ыңғайлы заманауи киімдер тігеді.
АЙГҮЛ ТӨЛЕУБАЕВА, ДИЗАЙНЕР:Бұл қазақша ұлттық киім шапан жаңа стильдегі заманауи түрде. Бұл шапандарды барлық жерге киюге болады. Көшеге автобусқа жол жүргенде самолетке киюге болады. Содан кейін кимешектің ішінен киетін орамалы да жаңа стильде көрсетіп жатырмыз. Себебі кимешек көп жере постоянно киюге келмейді.
Қазақтың ұлттық киімі - біздің бет-бейнеміз, болмысымыз. Сан ғасырдан мұра болып жеткен жәдігер. Келешекте де оны жоғалтып алмас үшін, ұлттық киімді мерекеде,той-томалақта ғана кимей, күнделікті өмірге енгізген жөн.