$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Астана мен Алматыда ұлттық киім күніне арналған сән көрсетілімі өтті

18.03.2025ж. 20:00
106
Астана мен Алматыда ұлттық киім күніне арналған сән көрсетілімі өтті

"ULTTYQ RUH". Астанада осындай атаумен инклюзивті сән байқауы өтті. }Шара ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылған.  Оған  отандық 15 дизайнердің жұмысы ұсынылды. Қатысушылардың киімдері қайта өңделген материалдардан жасалған. Ұйымдастырушылар осы арқылы экологиялық саналы сән мен дәстүрдің үйлесімін көрсету басты мақсатымыз – дейді. Сәнгерлер ұлттық колоритті сақтау және ұсыну арқылы модельдеу, киім стильдері бойынша жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетті. Подиумда өнер көрсеткен ерекше қажеттіліктері бар балалар көпшіліктің ықыласына бөленді.

ӘЛИЯ СМАҒҰЛОВА, ДИЗАЙНЕР:

Бүгінгі сән байқауына қаңтар айынан бастап дайындалдым. Модель ретінде ұлымды алдым. Шапанды оған арнап тіктім. Артындағы айдаһарды акри бояумен салдым. Осы бейне арқылы сиқырлы күшті сипаттадым. Бойжеткен модельдің шапанында бейнеленген жылқылар талғампаздық пен бірейгейліктің белгісі. Сондай-ақ бүгінгі байқау ерекше балалардың талантты әрі бойларындағы өнерді көрсете алатындарынның дәлелі деп ойлаймын.


Алматыда да "Nauryz Fashion Day" сән көрсетілімі өтті. Қызыл кілемге «Әлемді таңғалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушылары мен «Мисс Қазақстан» байқауының сылқымдары бірінен соң бірі шығып, элегантты әрі нәзік образдағы киім-кешектерді таныстырды.  Дефиле көрсеткен сұңғақ мойын сұлулардың барқыт, шыт маталарынан тігілген ұлттық нақыштағы бешпенттері көпшіліктің оң бағасын алды. Модельдердің сырбаз көйлектері  қазақ халқының экзотикасын айқын көрсетті. Одан бөлек, сәнқой әжелер бұған дейін Миланда өткен сән апталығында подиумға шыққан. Олар алдағы уақытта Нью-Йорк пен Париждегі Fashion Week-ке қатысуды жоспарлап отыр.

КӘМШАТ ЖИЕНӘЛИЕВА, ҚАЛА ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Табиғатымыздан шабыттанған дүниелер, элементтер киімдерде көрсетілген. Сонымен қатар, тарихи орындар, мысалы, Әуенді бархандар, барлығымыз білетін Алтын-Емел паркінен алынған элементтер мысалы. Солар киімдерде көрсетіледі.