$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Алматыда ұлттық киім күніне орай шеберлік сағаты өтті

AstanaTV
18.03.2025ж. 20:00
92
Алматыда ұлттық киім күніне орай шеберлік сағаты өтті

Алматыда қалалық «Жастар Рухы» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен «ALKUM Brand» компаниясы Ұлттық киім күніне орай шеберлік сағат өткізді. Қатысушылар сәукеле, тақия, шапан, қамзол сынды киім-кешектерді өз қолдарымен өрнектеп, жасап көрді. Заманауи сәнді элементтермен кестеленген әртүрлі реңктегі әрі тігілу үлгісі ерекше сырт киімдер таныстырылды. Мастер класс соңында барша қатысушылармен ұлттық киім кию бойынша челлендж жолданды. Іс-шараға 70-ке жуық студент, тігін өндірісі және киімді үлгілеу мамандығы бөлімінің оқу өндіріс шеберлері мен арнайы пән оқытушылары мен белсенділер қатысты. Одан бөлек, Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі мен “Жастар Рухы” Жастар Қанаты арасында меморандумға қол қойылды.

ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі іс-шара ұлттық киім күні, бұл күн ата-бабамыздың мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрімізді дәріптеуге арналады. Бүгінгі осы өткізіліп отқан шарамыздың да басты мақсаты – осы ұлттық киімізді жастарға тек қана осы наурыз, жалпы мерекелерде ғана кимей, күнделікті өмірде киюге шақырдық. Оған арнайы челлендж ұйымдастырдық.