$496.41 €542.77 ₽6.05
×

"Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті" - Зайытов

AstanaTV
19.03.2025ж. 14:08
194
"Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті" - Зайытов
Фото: Qaz365.kz

Депутат Ринат Зайытов үш жылдықтағы саяси реформалардың аралық нәтижесіне тоқталды, деп хабарлайды Astana TV.

Зайытов орынсыз сын тағатындарға жауап берді.

Қазақ үшін қашаннан да бері елдің аманаты мен сенімінен ауыр жүк жоқ. “Дөп” бассаң – ел үмітін ақтаған ерсің, “қалт” бассаң – жаудан бетер езсің! Кейде тіпті көтерген сұрағыңа орынсыз сын тағып, “Осы мәселе сендер (депутаттар – ред.) қозғайтын тақырып па? Неге жоғарыдағылар ұсақ-түйек мәселелер қозғайды” деп жатады, - деді депутат.

Зайытов бұл сынмен келіспейді.

Өз басым бұл сынмен келіспеймін. Себебі біз – бір мемлекетпіз! Сондықтан ұсақ, ірі демей, әр мәселеге бірдей жұмылуымыз керек. Шалғайда жатқан бір ауылда кішкентай баланың тісі ауырса, оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыру керек. Жұмыла көтерсек, жүгіміз жеңілдейді. – деп түсіндірді депутат пленарлы отырыста сөйлеген сөзінде.

Ринат Зайытов Мәжіліске келген уақыттан бері қадамымыз нықтыланып, бойымыз шынығып келе жатқанын айтты.

Мақтанатын да, ақталатын да, алда атқаратын да жұмыс көп. Дегенмен, беталысымыз жаман емес. Бүгінде мемлекетте болып жатқан өзгерістерді “көрмес” қана байқамайды. Бұл ретте Парламенттің ықпалы айтарлықтай артып, халық депутаттардың кім екенін, олардың не істейтінін тереңірек түсінді. Мәжілісте апта сайын сауал жолдап, үкімет мүшелерін сұрақтың астына алып жатқан депуттарға қарап, халықтың ойындағы өшкен үміт қайта тірілді. Бұрын ел арасында, көшеде ғана айтылып, ұзаса бірер ереуілменен амалсыз басылып қалатын халықтың үні бүгінде төрге жетті. Елдің көкейінде жүрген түйткілдің бәрін осында қоғам белсенділерімен, сарапшылармен бірге бүкпесіз талқылаймыз, - дейді мәжілісмен.

Ринат Зайытов шалғай ауылдағы баланың тісі ауырса, оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек екенін де айтты.

– Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатыр. Мәжілісте апта сайын сауал жолдап, үкімет мүшелерін сұрақтың астына алып жатқан депуттарға қарап халықтың ойындағы өшкен үміт қайта тірілді. Көтерілмей қалған мәселе, айтылмай қалған ой жоқ. Осылайша, қоғамды толғандыратын көптеген мәселе шешімін тауып, елдің іргесі беки түсті. Әрбір игі іс жүзеге асқан сайын халықтың билікке деген сенімі артып келеді. Халықтың үні, тағдыры мен болашағы, өмірі мен өзегі, ол – Парламент, - деді Р.Зайытов.