$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Қызылжарда коммуналдық пәтерлерге қатысты былықтың беті ашылды

19.03.2025ж. 20:00
93
Қызылжарда коммуналдық пәтерлерге қатысты былықтың беті ашылды

Қызылжар өңірінде әкімдіктің қарамағындағы коммуналдық пәтерлерге қатысты былықтың беті ашылды. Прокуратура тұрғын үй кезегін тексеріп, бірқатар олқылықтарды анықтаған. Мәселен, 7 ауданның әкімдігі тұрғындарға жалдамалы пәтерлерді беріп, олардан ақы алмай келген. Шығын көлемі 70 миллион теңгеден асып жығылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері жылжымалы мүлікке ие болған 170 адамды пәтер кезегінен шығармаған. Ал Петропавл қаласының әкімдігі жалдамалы пәтерді кезекте тұрған тұлғаларға емес, бөтен кісілерге берген. Құзырлы орган заңбұзушылықтарды тез арада жою үшін сотқа жүгінген.

ҚАЗБЕК ҒАЛЫМЖАН, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Бұл жасалған шарттар жарамсыз деп танылуға талап-арыздар сотқа берілді. Соттың шешімі бойынша прокурорларлың арызы толық қанағаттандырылды. Жалпы жер қатынастарының заңнамасы облыс прокурорының ерекше бақылауында.